Тексеру барысында заңсыз ұсталған тұлға босатылды

17 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Орал қалалық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 10 қаңтары, сағат 22.15-те Орал қ. ІІБ Абай ПБ тергеушісінің қызметтік кабинетінде И.А.Клочеваның заңсыз ұсталу фактісі анықталды.

Анықталғаны, аталған азаматша Орал қ. ІІБ Абай ПБ-не 18.30 сағатта пәтер ұрлығы бойынша сезікті ретінде жеткізілген және ҚР ҚІЖК-ң 134-б. талаптары бұзылып, заңмен көзделген мерзімнен астам ұсталған және ұстау хаттамасы толтырылмаған.

Орал қ. прокуратурасының қызметкерлерімен аталған тұлға босатылды және қазіргі уақытта осы факт бойынша қалалық прокуратурамен тергеуге дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде, қорытындысы бойынша ҚР ҚІЖК-ң 185-б. сәйкес шешім қабылданады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу