Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған семинар жұмысына қатысты

18 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 16 қаңтарында БҚО бойынша ҚАЖКД РУ-170/2 мекемесімен өткізілген, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған семинарға қатысты.

Семинарға БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының, сондай-ақ «Нұр-Отан» ХДП БҚОФ «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Семинар барысында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен РУ-170/2 мекемесі жеке құрамының назарына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері, жемқорлық себептері мен оған қарсы әрекет етудегі шаралар, сондай-ақ өткен жылы БҚО бойынша ҚАЖКД жеке құрамының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың сақталуы бойынша жұмыстың нәтижелері ұсынылды.

Семинарға қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, ұсыныстар жасалды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы және оның алдын алу бойынша міндеттер айқындалды.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу