«Сот орындаушының заңсыз шешімі бұзылды»

07 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Орал қ. прокуратурасымен борышкерлердің мүлкін тәркілеу туралы сот қаулыларының орындалу заңдылығының жай-күйіне талдау жасау барысында мемлекеттік сот орындаушымен жалпы сомасы 80 млн. теңгеден астам жанар -жағар май материалдарын тәркілеу туралы атқару өндіріс ін заңсыз қысқарту фактіс і анықталды.

Сол себепті, қалалық прокуратура №2 Орал қ. сотына мемлекеттік сот орындаушының атқару өндірісін қысқарту бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы өтінішпен жүгінген болатын.

Соттың 17.10.2017ж. шешімімен өтініш қанағаттандырылып, қазіргі уақытта сот актісін орындауға қатысты шаралар қабылдану барысында.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу