Сайқындағы азаматтарды қабылдау

21 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сайқындағы азаматтарды қабылдау - 1697782830

  2020 жылғы 17 қаңтарда Бөкей ордасы ауданының прокуроры Қанабіл Төремұратов «Nur Otan» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау жүргізді.

  Ай сайын өткізілетін бұл шарада халықпен тікелей қарым-қатынас орнатылып, ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетіледі, туындаған мәселелерді шешу қарастырылады.

  Аудан прокуроры үш азаматты қабылдады.

  Олар жұмысқа орналасуға, мүгедектік алуға және әлеуметтік көмекке қатысты жүгінді.

  Айта кетсек, өткен жылы прокуратурамен 183 тұлға жеке қабылданды.

  Естеріңізге салайық, аудан прокурорымен азаматтарды қабылдау күн сайын 09.00-19.00 сағат аралығында жүргізіледі (Прокуратураның мекен-жайы: Сайқын ауылы, А.Оразбаева көшесі, 27, тел. 21 268).