Прокурорлық тексерудің нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

16 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

  

Бөкей ордасы аудандық прокуратурасымен «№18 кәсіптік лицей» ММ-ң қызметінде білім туралы заңнаманың қолданылуын тексеру барысында анықталғаны, М.Утегалиев Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (әрі қарай-БЖСМ) директорының 04.02.2011 жылғы №5 бұйрығына сәйкес жұмысшы ретінде қабылданған. БЖСМ директорының 14.02.2011 жылғы бұйрығына сәйкес М.Утегалиев жаттықтырушы лауазымына ауыстырылған.

Бөкей ордасы аудандық БЖСМ-де тұрақты негізде қызмет атқара отырып, М.Утегалиев 01.09.2011 жылы Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының атына «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде оқуға көмектесуді сұрап өтініш жазған. Өтініштің негізінде М.Утегалиев әлеуметтік келісім-шарт жасап, «№18 кәсіптік лицей» ММ-не оқу үшін жолданып, жалпы сомасы 288 100 теңгеге 01.07.2012 жылға дейін оқыған.    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» №316 Қаулысының 4.3-т. сәйкес, бағдарламаға өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Бұған қарамастан, аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы А.Абулхаировамен М.Утегалиевты оқытуға жолдама берілген.

Осы факт бойынша жиналған материалдар аудандық прокуратурамен АІІБ-не ҚР ҚІЖК-нің 185-бабы негізінде процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданып, тергеуге дейінгі тексерудің нәтижесінде М.Утегалиевке қатысты ҚР ҚК-нің 176-б., 1-б. бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аудандық прокуратураның ұсынысы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің директорымен бас маман А.Абулхаирова тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу