Өңірдегі қылмыстылық жағдайы

07 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Өңірдегі қылмыстылық жағдайы - 1393027770

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен құқық қорғау органдарының аймақтық қылмыстылығын, оның ішінде төтенше жағдай режимін төмендету бойынша үйлестіру шаралары қолданылуда.

Құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ прокурорлық қадағалау бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру шараларымен төтенше жағдай енгізілгеннен бастап облыста қылмыскерліктің 7,8% - ға, оның ішінде орташа ауырлықтағы 28,6% - ға және ауыр емес 29,4% - ға төмендеуіне қол жеткізілді. Төтенше жағдай кезінде аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ.

Тонау 75% - ға, ұрлық 21,6% - ға, алаяқтық 25,8% - ға, қорқытып алу 50% - ға қысқарды.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 32% - ға азайды.         

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштықты сақтауға, құқық тәртібін сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын орындауға, белгіленген тыйым салу және шектеу шараларын орындауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, жекелеген азаматтар төтенше жағдай режимінің белгіленген шектеулерін бұзуды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бұзу 153 фактісі анықталды, бұл ретте сот 45 адамға қатысты әкімшілік қамауға алуды (2-ден 15 тәулікке дейін) және 40 адамға айыппұл салды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде коронавирусқа байланысты жалған ақпаратты тарату фактілері бойынша 4 адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, жұқтырған адамдардың сауалнамалық деректерін таратқаны үшін 3 қылмыстық іс тіркелді.