«Новеллалардың қолданылуы онлайн-режимде талқыланды»

19 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Новеллалардың қолданылуы онлайн-режимде талқыланды» - 1889020374
2020 жылдың 12 маусымында Бөкей ордасы ауданының прокуроры Қ.Төремұратовтың төрағалық етуімен «TrueConf» бейнебайланыс қосымшасы арқылы дөңгелек стол өткізілді.  
Ауданның құқық қорғау органдарының және соттың қызметкерлерімен қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларының жаңа нормаларын тиімді қолдануға бағытталған дамытушы семинарлар, дөңгелек столдар пандемия уақытында қашықтықтан өткізу тәсіліне көшті. 
Вебинар режимінде көкей-кесті мәселелерді талқылау, өз кезегінде өңірімізде орын алатын жаңа заңдарды қолданудағы ұсыныстарды беруде тез ақпарат алмасу мен біркелкі бірыңғай тәсілді ұстануға қолайлы екендігін көрсетті. 
Дөңгелек столға аудандық соттың төрағасы Г.Сагитова, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Молдағалиев, аудандық полиция бөлімінің тергеу-анықтама мен жедел-іздестіру бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. 
Онлайн режимінде жүргізілген кездесуде қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, жаңа заңнама талаптарының дұрыс қолдануы зерделенді. 
Ағымдағы жылдың өткен 5 айы мерзімінде аудан бойынша қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген 188-1-бабы (мал ұрлығы) бойынша 8 қылмыс пен 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша (дериваттардың заңсыз айналымы) 5 қылмыс тіркелген. 
Кездесу нәтижесінде қылмыстық қудалау органына өңірдегі қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту және енгізілген жаңа заңды тиімді қолдану тапсырылды. 
Аталған қашықтықтан өткізу тәжірибесі, орын алған шараға қатысушылардың вирусты ауруларды жұқтыру мен таралу қауіп-қатерінен қорғап, барлық дөңгелек столға қатысқан тұлғалардан оң пікірлерге ие болуын қамтамасыз етті.