«Незаконная деятельность в сфере игорного бизнеса»

22 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты келісімді өндірісте лицензиясыз ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызмет түрін жүзеге асыру белгілері бойынаш ҚК-нің 307 бабы 1 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы ағымдағы жылдың қантар айынан бастап Зеленов ауданы Дариян ауылында, лотерейлік терминалға әдейі ұқсастырылған, аппараттық бағдарламалық кешен арқылы құмар ойындар өткізу жолымен ойын саласында заңсыз қызмет ұйымдастырған.

12.01.2007 жылы «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес, Алматы облысының  Қапшағай су қоймасы жағасынан және Ақмола облысының Щучин ауданынан басқа, республика аймағында казиноларды және ойын автоматтарды орналастыруға тыйым салынған.

Аудан прокуроры мен сотталушы кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процессуалдық келісім жасады.

Сот, сотталушының кінәні мойындағанын, процессуалдық келісімде көрсетілген жазаның түрі мен мөлшерімен келіскенін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде назарға алып, оған мүлкін тәркілеумен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу