Мүгедектердің құқықтары қорғалды

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мүгедектердің құқықтары қорғалды - 1453343126

   БҚО Сырым ауданының прокуратурасымен негізсіз ұсталған 216,8 мың теңгені қайтарумен мүгедектердің және олардың жеке көмекшілерінің құқықтары қорғалды.

  Талдаумен «Көру мүшелері зақымданған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» Корпоративтік қорының 2019 жылы аудан бойынша мүгедектердің 37 жеке көмекшілерінің еңбекақысынан жеке табыс салығын ұстап қалғаны анықталды.

  Ал Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 31-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның мүгедекке қызметтер ұсыну кезінде алған материалдық пайдасы табыс ретінде қарастырылмайды.

   Бұдан басқа 55 мүгедек тұлғаның көлік, жер және мүлік салықтарын төлеу фактілері анықталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сай аталған салық түрлерінен босатылған (Салық кодексінің 490-бабы 3-тармағының 6-тармақшасы, 498-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы, 526-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы).

   Прокурорлық қадағалау актісімен мемлекеттік кірістер басқармасы 169,4 мың теңге жеке табыс салығын және 47,4 мың теңге басқа салықтарды қайтарып, 92 азаматтың құқықтары толығымен қалпына келтірілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу