Медиациялық жолмен келісімге келді.

23 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теректі ауданының №2 сотымен А. және М. есімді азаматарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлімі, 1,2 тармақтары бойынша, дәлірек айтқанда алдын ала келісім бойынша және бірнеше рет жүзеге асырылған мал ұрлығы оқиғасына байланысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істі қарау нәтижесіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында жиналған материалдармен кінәсі дәлелденді.

Сондай-ақ, сот тергеуі барысында сотталушылар қылмыс жасағандарын толықтай мойындап және көрсетілген зиянның толықтай өтелгенін ескере отырып, тараптар медиациялық жолмен келісімге келді.

Аудан прокуратурасы ұрлық үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу