Масаң күйінде көлікті басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылды

24 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Масаң күйінде көлікті басқарғаны  үшін бас бостандығынан айырылды - 27130665

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қылмыстық заңнамаға сәйкес масаң күйінде көлікті басқарғаны үшін жауаптылық қатаңдатылды.

Атап айтсақ, Казталов аудандық сотының 23.06.2020 жылғы үкімімен азамат «К» Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлімімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқара отырып абайсызда көлік құралын бүлдіру) өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

Анықталғандай, 14.10.2019 жылғы сот үкімімен «К» азаматы тап осындай құқық бұзушылық үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиісті қорытыңды жасамай, 10.06.2020 жылы полиция қызметкерлерімен жол-көлік оқиғасынан кейін алкогольдік масаң күйінде қайтадан ұсталған.

Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігі қасақана ауыр қылмыстар санатына жатады және 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жоғарғы жазаны көздейді.

Казталов ауданының прокуратурасы масаң күйде көлік құралын басқарудан бас тартуға - шақырады және жол қауіпсіздігі - жол қозғалысының барлық қатысушыларына байланысты екенін әрқашанда есте сақтау кажеттігін ескертеді.