Мал ұрлағаны үшін бас бостандығынан айырылды

02 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мал ұрлағаны үшін бас бостандығынан айырылды - 1469531502

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді және қылмыстық кодекске арнайы 188-1-бабы (мал ұрлығы) енгізілді.

Сәуір айында малдарды ұрлаумен байланысты бірқатар қылмыстар жасағаны үшін 3 адамнан құрайтын бір топ ұсталды.

Аталған топ Ақжайық және Казталов аудандарында алдын ала сөз байласып, 6-эпизодтық мал ұрлығын жасаған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 4 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Тергеу аяқталған соң, Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен «А», «Р» және «Т» қатысты айыптау қылмыстық ісі (адамдар тобымен, мал ұрлығымен және бірнеше рет жасаған үшін) Казталов аудандық №2 сотына жолданды.

30.06.2020 жылы айыптау үкімімен жоғары аталған адамдар мал ұрлығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне еңген жоқ.

Енді заңмен «мал корасына, аулысына кірумен» және «бірнеше рет» белгілермен жасалған мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді, олардың жазасы 5-тен 10-ға жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, енді ол бойынша жәбірленушімен татуласуға жол берілмейді.