Құрметті кандидаттар!

05 ақпан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жақын уақытта Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасымен аудандық прокуратуралардың прокуроры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялау жоспарлануда (лауазым санаты C-RGP-5).

Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесіне сәйкес жүргізілетін болады (Бас Прокурордың 4 мамыр 2014 жылғы №40 бұйрығы).

Конкурс жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерделеу жүргізіледі (Бас Прокурордың 26 желтоқсан 2015 жылғы №156 бұйрығына сәйкес).

Бұл кезеңдерден өтуден бұрын, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құқық қорғау қызметіне алғаш тұратын кандидаттарға арналған тестілеуінен өту қажет.

Өтінішті «электронды үкімет» веб-порталы немесе «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Бұдан әрі қажетті құжаттарды тапсырып, заңдарды білуге арналған прокуратурадағы тестілеуден өту (бұдан әрі - прокуратурадағы тестілеу), қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өту және  ұлттық қауіпсіздік органдарындағы міндетті арнайы тексеріс қорытындыларын алу керек.

Аталған рәсімдерден өтуге арналған жолдамалар Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының кадр қызметімен кедергісіз беріледі.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасына Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көш. 23 мекен-жайы және (87112) 50-33-47 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу