Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

21 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теректі аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабы, 3-бөлімі, 7-тармағы бойынша (Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының бұзылуы) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 5 әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында кәсіпкерлердің ішімдік тауарларын ілеспе жүкқұжаттарынсыз (накладная) сатылымға шығарғандары анықталды.

Істі қараудың нәтижесінде заңды бұзушылар ішімдік тауарларын тәркілеумен 75 АЕК (170 175 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудан прокуратурасы жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарға келесідей айыппұлдар қарастырылғанын хабарлайды: құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу