Қазақстан интернет-казиноға орын емес

10 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан интернет-казиноға орын емес  - 380826007

БҚО Ақжайық ауданы прокурорының талап арызы бойынша сотпен Қазақстанның бүкіл аумағында 27 онлайн-казино сайтына тыйым салынды (сот актісі заңды күшіне енді).

Домен туралы ақпаратқа сәйкес, сайт иелерінің көпшілігі оффшорлық аймақтарда тіркелген, олардың ішінде бұғатталған сайттардың клондары да бар.

Прокурор Әділет Тоқтамысовтың сөзінше, олар клиенттерге ойын автоматтары және покер ойындарынан бастап рулеткалар мен басқа да аттракциондарға дейін құмар қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынған.

«Ойын бизнесі туралы» Заңының 6-бабымен Қазақстан Республикасының аумағында электрондық казино және интернет-казино қызметіне тыйым салынған.

Алайда, кейбір азаматтарды заңсыз сайттардың қаражатты шығаруға кепілдік бермейтіндігі және олардың оңай алаяқтық құрбаны болу мүмкіндігі қорқытпайды.

Көптеген жағдайларда онлайн-казино ойнау ақша жоғалтудың жолы ғана емес, сондай-ақ тәуелділікке жетудің оңай тәсілі.

Олардың әсерінен жасы үлкендерге қарағанда психикасы осалдау болатын кәмелетке толмаған балалардың түсу қауіпі де алаңдаушылық туғызуда.

Сондықтан, заңсыз ойын бизнесіне қарсы тұру үшін азаматтарға тек алдамшы ұсыныстар мен мазасыз жарнамадан иммунитет қалыптастырып қана қоймай, виртуалдық әлемде балалардың іс-әрекеттерін бақылау маңызды.

Ойын ақшасы мен өзге де құндылықтарды тәркілеумен 200 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл тек құмар ойындарға тартқаны немесе рұқсат бергені үшін ғана емес, сондай-ақ қатысқаны үшін де көзделген (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 444-бабы).

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы бар (Қылмыстық кодекстің 307-бабы).

Қазіргі уақытта тек Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауы және Ақмола облысында Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдармен айқындалған аумақтары заңды ойын аймақтары болып табылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің ресми сайтында http://qogam.gov.kz «Шағымдану» бөлімі бар, онда әр азамат анықтаған заңсыз интернет-ресурсы туралы ақпарат қалдыра алады.