Карантинді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы

01 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Карантинді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы - 1019985021

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, жекелеген азаматтар төтенше жағдай режимінің белгіленген шектеулерін бұзуды жалғастыруда.

Осыған байланысты тәртіп бұзушыларға қатаң шаралар қабылдануда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бұзудың 76 фактісі анықталды, бұл ретте 31 адамға қатысты соттар әкімшілік қамаққа алды (2-ден 13 тәулікке дейін).

Мысалы, Теректі ауданының тұрғыны үй карантинінде бола тұра, көрші ауылға шығу арқылы карантин шарттарын бұзған.

Бұл үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 476-бабына сәйкес, сот қаулысымен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде коронавирусқа байланысты жалған ақпаратты тарату фактілері бойынша 4 адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, жұқтырылған адамдардың сауалнамалық деректерін таратқаны үшін 3 қылмыстық іс тіркелді.

Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер үшін (ӘҚБтК-нің 478-бабы) 40 АЕК дейін айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамаққа алу көзделген.

Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу (ӘҚБтК - нің 425-бабы) қызметін тоқтата тұрып, 2 000 АЕК-ке дейін, ал бақылаушы органдардың талаптары мен актілерін орындамағаны үшін (ӘҚБтК-нің 462-бабы) қызметін тоқтата тұрып, 500 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Азаматтарды уәкілетті органдардың талаптарын, белгіленген тыйымдар мен шектеулерді орындауға, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа бермеуге шақырамыз.

Ағымдағы жағдай туралы шынайы ақпарат www.coronavirus2020.kz. ресми Интернет-ресурста жарияланған.