Еңбек шартын жасаспай, жұмысқа жіберу деректері анықталды

06 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары қызметінің бағыттарының бірі- азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қадағалау жүргізу болып табылады.

БҚО прокуратурасымен еңбек шарттарын жасаспай, қызметкерлерді жұмысқа жіберу, яғни, еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды.

Облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша еңбек инспекциясы басқармасымен «AB Engineering» ЖШС-не тексеріс жүргізіліп, оның барысында «Шынаров» газ конденсаты кен орнында көрсетілген кәсіпорынның 17 жұмысшысымен еңбек шарты жасалмай, жұмысқа жіберілгендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша «AB Engineering» ЖШС ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 1-тармағына сәйкес (Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу) жауаптылыққа тартылып, 136 140 теңге салынды.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу