Дәрілік заттардың алыпсатарлығына қарсы күрес

15 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Дәрілік заттардың алыпсатарлығына қарсы күрес - 1070923630

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықты анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

         Прокуратура, Экономикалық тергеу департаменті, полиция департаменті қызметкерлерінің мобильді тобымен дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 7 фактісі және дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттарынсыз сатудың 3 фактісі анықталды.

         Осылайша, 08.07.2020 жылғы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында «Арбидол» препаратының 1 орамын 5 000 теңгеден сату фактісі анықталды, ал денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен көрсетілген препаратқа 2 312 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленді.

         Осылайша, жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмектерді 100% артық бағамен сатқан.

         Дәріхана иесіне қатысты Материал ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау департаментіне берілді (дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаның артуы).

         Басқа жағдайда, азамат «У» «Цеф-3» антибиотиктерін рұқсат құжатсыз қайта сатуды жүзеге асырып, заңсыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырған.

         09.07.2020 жылы аталған азамат ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-бөлігі бойынша (заңсыз фармацевтикалық қызмет) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

         Денсаулық сақтау министрінің 15.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік заттарға шекті белгіленгенін түсіндіреміз. Белгіленген бағаларды көтеру бұзушылық болып табылады және заң бойынша қудаланады.

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабына сәйкес дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

         Дәрілік заттардың бағасын көтеру фактілері туралы 8 (7112) 51-06-96 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұрайды.