Бос лауазымға ішкі конкурс жарияланады

01 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бос лауазымға ішкі конкурс жарияланады - 1620270622

«Облыс прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыда қатысу басқармасының бастығы»

бос лауазымына ішкі конкурс жариялайды

 

   Біліктілік талаптары: нақты лауазымға сәйкес келетін жоғары білім, еңбек өтілі – прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, соның ішінде орталық аппаратта / облыстық аппаратта екі жылдан кем емес, немесе басшылық лауазымда бір жылдан кем емес өтілі болуы тиіс.

  Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларының» 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

   Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, қарамағында кандидат бар лауазымды адамның Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсынымхаты қоса беріледі.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу