БҚО заңсыз аңшылық үшін үш жігіт сотталды

02 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО заңсыз аңшылық үшін үш жігіт сотталды - 225637188

   Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы браконьерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде заңдылықтың сақталуына қажетті қадағалауды қамтамасыз етті.

   2018 жылғы 16 маусымда Бөрлі ауданының полициясымен қылмыс үстінде «Audi» автокөлігімен Кирсанов мемлекеттік қорықжайында ерекше қорғалатын елік жануарын заңсыз атып алған үш жігіт ұсталды.

   Аудандық прокуратурамен қылмысты дәлелдейтін дәлелдер мен айқын айғақтар жинақталып, сот отырысы барысында сотталушылар прокурормен процестік келісім жасауға ұсыныс берді.

   Сотпен 25 қыркүйекте Ақсай қаласының үш тұрғынына ҚК-тің  337-бабы 4-бөлігі 1-тармағымен заңсыз аңшылық жасағаны үшін 600 сағат түзеу жұмыстары тағайындалып, 1,8 млн. теңге материалдық шығын өндіріліп, қылмыс құралы ретінде қару мен автокөлік мемлекеттің меншігіне тәркіленді.

   Прокуратура заңсыз аңшылық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 337 бабымен қылмыстық жауапкершілік және айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамау және бас бостандығынан айыру жазалары көрсетілгендігін ескертеді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу