БҚО прокурорларының арқасында алаяқтар сотталды

18 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокурорларының арқасында алаяқтар сотталды - 533437747

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы атқарушылық өндірісті тексеру кезінде еңбекақы бойынша 8,4 млн. теңгенің жалған берешек анықтады.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сай, бірінші кезекте еңбекақы бойынша берешек өндіріледі.

Осыны біле тұрып, жеке кәсіпкер С. кредитордың алдындағы міндеттерін орындамау және ақша қаражатын жымқыру мақсатында, Ж. заңгер ретінде 2011-2016 жылдары жұмыс жасағаны туралы жалған құжаттар жасап, сотта Ж. пайдасына еңбекақы бойынша берешекті өндіруге қол жеткізген.

Апелляциялық сатыда сот актісі бұзылды.

2018 жылғы 23 тамызда С. және Ж. сотпен Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-тармағымен – 190-бабының 3-тармағының 1-тармақшасымен (ірі мөлшердегі алаяқтыққа оқталу), 416-бабының 5-тармағымен (әділетсіз сот шешімін шығаруға әкеп соққан жалған дәлелдерді ұсыну) 3 жылға бас бостандықтары шектеліп, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарын атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу