БҚО прокурорлары Жолдауды талқылады

01 ақпан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БҚО прокуратурасында мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қатысуымен Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланған жиналыс өткізілді.

Жолдаудың мақсаттары жұмыста негізге алынды. Жаңа Жолдаудың негізгі идеясы - құқықтық қатынастардың барлық салаларына жанасатын жаппай цифрландыру аталды.

Қатысушылармен жасалып жатқан қызметпен үндестірілген шаралар кешені және құқықтық тәртіпті орнатудың өзекті жолдары ұсынылды.

Азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің құралдары ретінде «Таза қол – Чистые руки» Жол картасы, Құқыққорғау қызметтері орталығы және Азаматтарды қабылдау орталығы жобаларындағы прокуратураның қызметі талқыланды.

Жиналыстың қорытындысында бейнебақылауды жүргізетін, жол қозғалысын бақылайтын және адамдарды анықтайтын интеллектуалды жүйелерді және құқықбұзушылықты болдырмаудың озық тәжірбиелерін енгізу туралы ұсыныстар қабылданды.

 

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

87112 513632

7112113@prokuror.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу