БҚО прокурорлары салауатты өмір салтын ұстанады

22 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокурорлары салауатты өмір салтын ұстанады - 1204272597

   Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қызметкерлердің дене шынықтыру дайындықтарын күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

   Дайындық жасаудың нормативтері 2013 жылғы 22 қарашадағы ведомстволық бұйрықпен бекітілген.

  Спортпен айналысу денсаулыққа пайдалы екендігі, жүрек ауруларының дамуын төмендететіні, психикалық орнықтылықты дамытатыны және адамның сыртқы келбетін жақсартатыны баршамызға белгілі.

  14 мамырдан бастап Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері аптасына екі рет орталық стадионда жүгіреді, белтемір тартылады және күш жаттығуларын жасайды.

  Нұсқаушының басшылығымен прокурорлар жекпе-жек күресімен айналысады, бұл лауазым «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес енгізілді.

   Өзіміздің спорт алаңымызда шағын футбол және волейболдан жарыстар өткізіледі.

  Облыс прокуратурасының шағын футбол бойынша құрамасы екі рет батыс өңірі (Ақтөбе және Атырау қ.) турнирінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шағын футбол бойынша Кубогінің чемпионатына қатысты.

  Біздің жігіттер футболдан «Динамо» ҚО, дене шынықтыру және спорт басқармасымен ұйымдастырылған турнирлерде жеңіске жетті.

   Кезекті рет дәстүрге айналған тез шахмат (рапид) бойынша турнир өткізілді.

  Нәтижесінде Ершат Камбетов (қылмыстық қудалау басқармасы) жеңіске жетіп, екінші және үшінші орынға Ержан Құрманғалиев пен Нұрлыбек Джубанов (қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы) ие болды, жеңімпаздарға облыс прокуроры кубок, медаль және грамота табыстады.

  Спорттық жаттығулар мен жарыстар тимбилдингтің бір түрі ретінде командалық рухты көтеріп, ұжымды біріктіреді және кәсіби дағдыларды арттырады.

        Бұл ұстанымды Батыс Қазақстан облысының прокурорлары қолдайды.

БҚО прокурорлары салауатты өмір салтын ұстанады - 1238012890

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу