БҚО прокурорлары алғаш рет онлайн санкциялауды жүзеге асырды

24 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокурорлары алғаш рет онлайн санкциялауды  жүзеге асырды  - 1500710871

Батыс Қазақстан облысында алғаш рет сотпен онлайн режимде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материал қаралды.

Аталған жұмыс прокуратураның, соттың және полицияның бірлескен жұмысының арқасында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қылмыстық процесті цифрландыру аясында жүзеге асырылды.

2018 жылғы 18 қыркүйекте Орал қ. мамандандырылған тергеу сотымен тергеушінің ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 380-бабының 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) көзделген қылмысты жасады деген күдікті «Ф» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхаты қаралды.

Сот отырысы кезінде судья, прокурор және тергеуші сот залында болса, ал күдіктімен оның қорғаушысы Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторының арнайы жасақталған бөлмесінде болды.

Жаңашылдықтың қолданысқа енуі соттармен өтінішхаттардың тез қаралуын, күдіктіні сотқа алып келу барысында оның қашып кетуін және тасымалдауға кететін шығындарды болдыртпауға, адам ресурстарын тиімді пайдалануға өз септігін тигізеді.  

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу