БҚО прокурорлар мұғалімдердің құқығын қорғады

15 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокурорлар мұғалімдердің құқығын қорғады - 265106083

   Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін реттейтін Үкімет Қаулысына қайшы 2 жыл бойына ауданның педагогтарына еңбекақы мөлшері қате есептеліп келгенін анықтады.

   Атап айтқанда, іс-сапарға жіберілген және еңбекке уақытша қабілетсіз мұғалімдердің қызметін атқарған тұлғаларға қосымша ақы төленбеген.

  Мысалы, Бабажанов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғаліміне 12 күн жұмыста уақытша болмаған қызметкерлерді ауыстырғаны үшін 71 мың. теңге қосымша ақы төленбеген.

   Талдаумен 11 мектептің 361 мұғаліміне қатысты бұзушылық анықталды. Прокурорлық қадағалау актісімен аудандық білім беру бөлімінің басшысы мен есепшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, мұғалімдерге 2,8 млн. теңге қосымша ақы төленді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу