БҚО прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде адам өлтірудің профилактикасы талқыланды

28 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде адам өлтірудің профилактикасы талқыланды  - 1630561398

    Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен Полиция департаментінде Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өткізіліп, адам өміріне қолсұғатын қылмыстардың алдын алудың жай-күйі қаралды.

   2018 жылы облыс аумағында 36 адам өлтіру мен 17 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тіркелген.

   Талдау әр төртінші қылмыстың тұрмыстық жағдайда және бұрын сотталған тұлғалармен жасалғанын, ал әр бесінші қылмыс қоғамдық жерлерде орын алғанын көрсетті.

    Адам өміріне қолсұғатын қылмыстардың үштен екісі мас күйінде жасалған.

   Отырыста қылмыстардың жасалуының себептерінің бірі заңнамамен көрсетілген түнгі уақытта алкоголь өнімін сатуға тыйымды сақтамау екені айтылды.

 Өткен жылы осы талапты орындамаған 76 сауда орындарының иелеріне тиісті лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, барлығы 4,6 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды.

  Бұрын сотталған тұлғалардың қылмысқа баруының себебі ретінде пробация қызметінің әкімшілік қадағалауды азайтуы көрсетілді.

  Полиция органдарының назары профилактикалық іс-шараларды күшейтуге аударылды, өйткені олардың негізгі күштері мен жұмыстары жасалған қылмысты ашуға бағытталады, ал құқық бұзушылықтардың превенциясы жеткіліксіз.

   Сондықтан, облыс прокурорымен Полиция департаментінің және басқа да уәкілетті органдарының алдында осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін көтеруге қатысты нақты міндеттер айқындалды.

 

БҚО прокуратурасының Үйлестіру кеңесінде адам өлтірудің профилактикасы талқыланды  - 1982780257

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу