БҚО прокуратурасының футбол командасы «күміс» алды

30 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасының футбол командасы «күміс» алды - 1812833431

  2019 жылғы 25-27 қыркүйекте Орал қ. «Арман» спорт кешенінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен футзалдан турнир өткізілді.

  Қазақстанның Әнұраны орындалып, жарыс салтанатты түрде ашылған соң Полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Прокуратура, Сот және Әкімдік командалары екі топта бақ сынасты.

  Жарыстың бір ерекшелігі командалар құрамында облыс әкімі Ғали Искалиев, полиция департаментінің бастығы Махсұдхан Әбләзімов және басқа да басшылар өнер көрсетті.

А тобы:

ПД - ҰҚКД 1:0, Сот - ПД 1:3, ҰҚКД - Сот 4:0.

Б тобы:

Прокуратура - Әкімдік 6:0, СЖҚК - Әкімдік 6:1, Прокуратура - СЖҚК 6:0.

Жартылай финал:

ПД - СЖҚК 2:0, Прокуратура - ҰҚКД 2:1.

3 орын үшін ойын:

СЖҚК - ҰҚКД 2:1.

Финал:

ПД - Прокуратура 2:2 (пенальти 2:0).

  Нәтижесінде Полиция департаменті  жеңімпаз атанса (доп саны 8-3), Прокуратура 2 орынға табан тіреді (16-3), ал 3 орынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет иеленді (8-10).

  Жүлдегерлерге кубоктар мен алғыс хаттар табысталып, естелік суреттер жасалды.

  Біздің команданың ойыншылары Ілияс Қаиров, Нұрсұлтан Джурабеков, Мадияр Муханов, Әділет Әбу, Асланбек Гинаятов, Асылжан Карин, Асылбек Имангалиев, Нұрлыбек Джубанов, Сәкен Молдашев, Ершат Камбетов және Бауыржан Ахметжанды «күміс» медальдарымен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

БҚО прокуратурасының футбол командасы «күміс» алды - 219960289
БҚО прокуратурасының футбол командасы «күміс» алды - 1233431026

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу