БҚО прокуратурасының баспасөз ақпараты

25 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылғы 27 қазанда сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облыстық мәслихатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «ТАЗА ҚОЛ: ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ» Форумы өткізіледі.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев, облыс әкімі А.С. Көлгінов, облыс прокуроры С.А. Нұрпейісов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, облыс мәслихатының депутаттары, азаматтық қоғам институтының өкілдері мен БАҚ қатысады.

Аталған форум облыс прокуратурасының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей көрсетіледі.

Сіздердің назарыңызға облыс прокуратурасының парақшасының сілтемесін ұсынамыз (https://www.facebook.com/zko.prokuratura/).

Шараға қатысуға тілек білдерген БАҚ өкілдеріне 2017 жылғы 26 қазанға дейін 51-36-32 немесе 8-778-54-54-924 (Ибрашева Алмагуль) нөмерлері арқылы тіркелу қажет.

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу