БҚО прокуратурасымен колледждерде бұзушылықтар анықталды

09 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО прокуратурасымен колледждерде бұзушылықтар анықталды - 1116333121

   Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен 29 колледждің қызметінде мемлекеттік білім беру тапсырысын және техникалық, кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асыру бойынша тексеріс жүргізілді.

   Студенттерді жатақханамен қамтамасыз етпеу, сабақты дұрыс жүргізбеу, қаражатты негізсіз жұмсау және тағы да басқа бұзушылықтар анықталды.

   Алты колледжде басқа қаладан келіп оқитын студенттерге арналған жатақханалардың жоқтығы анықталды (Орал ақпараттық-технологиялық, Орал политехникалық, Батыс Қазақстан индустриалдық, Ақсай техникалық, Экономика және ақпараттық технологиялар, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледждері), ал бұл мемлекеттік тапсырысты алу үшін міндетті шарт.

   Ақсай техникалық колледжі контингентті негізсіз 116 тұлғаға көбейтіп, бюджеттен заңсыз 3 млн. теңге алған. Қаражатты алу үшін оқудан шығарылған және оқуын аяқтаған тұлғалар жалпы тізімге әдейі енгізілген.

   Сабаққа қатыспай, әр жерде жұмыс жасаған студенттерге шәкіртақы төлеу фактілері Бөкейорда, Жалпақтал, Қаратөбе, Теректі, Сырым және Шыңғырлау аудандарының колледждерінде анықталды.

  Мысалы, С. есімді студент 2016-2017 жылдары Теректі колледжінде оқи тұра, «Шыңғырлау ауданының ветеринариялық станциясы» МКК-да тұрақты жұмыс жасаған. Және ай сайынғы шәкіртақысын алып тұрған.

   Барлық жерде жұмыспен қамтамасыз етілген түлектердің санын жасанды арттыру және колледждердің әкімшілігі тарапынан оларды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетпеуі орын алған.

   Атап айтсақ, Жалпақтал ауданының колледжінде 2017 жылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 92% құраған. Тексеріс көрсеткіштің іс жүзінде 48% екендігін көрсетті, өйткені 41 студент жұмысқа орналасу туралы жасанды мәлімет тапсырған.

   Орал қаласының газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің кейбір студенттеріне оқу журналына белгі қойылғанмен, олар сол күндері шетелде болғаны анықталды.

   Тасқала ауданының колледжінде басқа жерден келіп оқитын студенттерге жазғы және қысқы мерзімде жеңілдікпен жол жүруіне бөлінген 75 мың. теңге берілмей, құқықтары бұзылған.

   Прокурорлық тексеріс нәтижесінде бюджетке барлығы 8 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды және жауапкершілікке 72 лауазымды тұлға тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу