БҚО-да құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

12 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО-да құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. - 1660282333

12 желтоқсан күні Орал қаласында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі А. Көлгінов, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары О. Қаржауов, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов өз сөзінде Орталық Ұлт жоспарының 100-ші қадамы құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде шоғырландыруды көздейтінін атап өтті.

 Орталық халыққа қызмет көрсету және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ғимаратында орналасқан.

Орталық электронды кезек жүйесімен, күту залы, қажетті инженерлік-техникалық құрылғыларымен жабдықталған.

Құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау тәжірибелі прокурорлармен, адвокаттармен, кәсіби медиаторлармен, нотариустармен, пробация қызметі өкілдерімен, құқықтық статистика басқармасының мамандары мен жергілікті полиция қызметнің қызметкерлерімен жүзеге асырылады.   

 Кез –келген азамат қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот өндірістері бойынша тегін заңи көмек және салалық мамандардан кеңес ала алады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

БҚО-да құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. - 1331474103
БҚО-да құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. - 979466339
БҚО-да құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. - 1864544823
БҚО-да құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. - 1492457563

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу