БҚО-да дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін сот орындаушы жазаға тартылды

18 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО-да дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін сот орындаушы жазаға тартылды - 88348958

   Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы атқарушылық өндіріс құжаттарын тексеру кезінде әкімшілік іс бойынша дәлелдемелердің бұрмалануын анықтады.

   Әділет департаментінің сот орындаушысы М. жеке сот орындаушысымен жолданған құжат бойынша ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік хаттама толтыратын 2 ай мерзімді өткізіп алып, өзінің кінәсін жасыру мақсатында хаттаманың күнін өзгертіп, сотқа жолдағаны анықталды.

    Прокурордың бұзушылықты дер кезінде анықтауы тұлғаны заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартудан сақтады.

   Қабылданған шараның негізінде 2019 жылғы 7 ақпандағы сот қаулысымен мемлекеттік сот орындаушы ӘҚБтК-нің 660-бабының 2-тармағымен дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 126 мың. теңге айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді.

  2018 жылы Бөрлі ауданы прокуратурасымен атқарушылық өндірісті қадағалау саласында 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қадағалау актілерімен 16,8 млн. теңге өндірілді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу