БҚО-да 5 мың ауыл тұрғынының құқығы қорғалды

19 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО-да 5 мың ауыл тұрғынының құқығы қорғалды - 1508667349

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Федоровка ауылының тұрғындарының тарапынан ауыз судың сапасының төмендігі және оның жүйелі түрде тоқтауы туралы әлеуметтік желіде шағымдардың түсуіне байланысты, Теректі ауданының прокуратурасының тапсырмасы бойынша аудандық денсаулық сақтау басқармасымен тексеріс жүргізілді.

Нәтижесінде, станцияның су тазалағыштарының сынамасында колиморфты бактериялар табылды.

Прокуратураның ұсынуы бойынша «Теректі таза су» кәсіпорны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, «Теректі таза су» кәсіпорнымен су құбыры желiсiне дезинфекция жүргізілді, станцияның суды тазалау фильтрі ауыстырылды. Сонымен қатар, судың үзіліссіз берілуі мен жұмысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етілді.

Осылайша, прокурорлық қадағалау актісімен аудан тұрғындарының құқығы қорғалды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу