БҚО браконьерлер сотталды

22 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БҚО браконьерлер сотталды - 345391866

  Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп киікті қорғау, оны заңсыз аулаудың жолын кесу және табиғатқа келтірілген шығынды қайтару мақсатында кешенді шаралар жүргізуде.

  Осы жылы браконьерлікпен айналысқан 21 тұлға ұсталып, сегіз факт бойынша сот үкімдері шықты.

  99 бас киікті атқан қылмыскерлерден мемлекет пайдасына барлығы 331 млн. теңге залал өндірілді, бірнеше қару-жарақ жойылып, 6 қаршана мен көлік тәркіленді.

  Барлық фактілер бойынша прокуратура органдарымен мұқият қадағалау қамтамасыз етіліп, жазадан бұлтартпау қағидасы сақталды.

  Атап айтсақ, қыркүйек айының аяғында заңсыз аңшылық (ҚК 337-бабы) және сирек кездесетін жануарлармен заңсыз айналысқаны (ҚК 339-бабы) үшін Тайпақ ауылының екі тұрғыны айыпты деп танылған Ақжайық аудандық сотының үкімі заңды күшіне енді. 74 бас киікті жойғаны үшін олардан 246 млн. теңге залал өндірілді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу