Батыс Қазақстан облысында сот орындаушылардың қызметінде бұзушылықтар анықталды

04 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Батыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінде 2017-2018 ж.ж. мемлекет пайдасына өндіру бойынша уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі талқыланды.

Облыс прокуратурасымен жүргізілген тексеріспен мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қызметінде заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, атқару құжаттары тең бөлінбеген, мәжбүрлеп орындату шаралары қабылданбаған, орындау үшін ақша негізсіз ұсталған, борышкерлер жауапкершіліктен жалтарған.

Мысалы, 2016 жылдан бастап сот орындаушымен мемлекетке 10,1 млн.теңге бережақ азаматтың жер учаскесіне тыйым салынбаған.

Борыштары 40 млн.теңге болатын 26 азаматқа шет елге шығуға тыйым салынбаған, ал бір азаматтың қарызы 2 млн.теңге болсада, ол 2017 жылы бірнеше рет Ресей Федерациясына барған.

Бұдан бөлек, бережақтары бар тұлғалар өздерінің шоттарынан қаражатты кедергісіз алып жүрген. Айналым 1 млрд.теңгеден астам.

Сот орындаушылар 256 атқару құжатын мүлікке тыйым салмастан және өндірместен қайтарған. Нәтижесінде бюджетке 4,7 млн.теңге түспеген.

Жеке сот орындаушылар өндіру үшін тұлғалармен бұрын төленген жалпы сомасы 1,9 млн.теңге болатын 139 әкімшілік айыппұлды заңсыз қабылдаған.

Ішкі істер органдарында сот орындаушыларға жолданбаған өндірілуге тиісті 15,3 млн.теңгені құрайтын 1 352 әкімшілік материал анықталды.

Прокурорлар 11 мыңнан астам борышкердің табысы мен еңбекақысы, 3 мың тұлғаның тыйым салынбаған мүлкінің бар екендігін анықтады.

Тексеріс нәтижесінде прокуратура үш сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, қадағалау актілерімен бюджетке 60 млн.теңге қайтарылды, әкімшілік жауапкершілікке 12, тәртіптік жауапкершілікке 60 лауазымды тұлға тартылды.

Әділет министрлігіне палатадан төрт жеке сот орындаушысын шығару, бір жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізілді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Әділет департаментіне, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, Ішкі істер департаментіне және Мемлекеттік кірістер департаментіне жүйелі бұзушылықтарды жою үшін шара қолдану және жұмыс тиімділігін арттыру нұсқалды.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу