Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі ведомствоаралық кеңесте қаралды

15 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі ведомствоаралық кеңесте қаралды - 2109356028

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі ведомствоаралық кеңесте талқыланды.

Жүргізілген талдау төтенше жағдайдың қылмыстық деңгейіне жағымды әсерін тигізгенін көрсетті.

Ағымдағы жылдың 5 айында облыста қылмыстық құқық бұзушылықтың саны үштен бір бөлікке төмендеді (4326-дан 3045-ке).

Бұл динамика төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулермен және азаматтардың оқшаулануымен түсіндіріледі.

Адамдардың үнемі үйлерінде болуына байланысты үй ұрлықтарының саны азайды.

Ол тонау, бұзақылық және басқа да көше қылмыстарының төмендеуіне де септігін тигізді.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде адамдар онлайн сатып алуды жиі қолдана бастады, осы кезді алаяқтар тауар сату туралы жалған хабарламалар бойынша ақша алып, кейін хабарсыз кету арқылы өз пайдаларына қолданды.

Төтенше жағдайды алып тастағаннан кейін қылмыстық құқық бұзушылықтың кері динамикасының орын алуы жорамалдануда – шектеулердің күші жойылғаннан кейін адамдар көшеге шығып, мүліктерін қараусыз қалдырады, ол қылмыстық қол сұғушылықтың затына айналуы мүмкін.

Кеңестің қорытындысы бойынша азаматтардың және олардың мүліктерінің қауіпсіздігін, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар мен шаралардың кешені жасақталды.

Осымен бірге тұрғындар да өздерінің мүліктерін сақтау мақсатында шаралар алу қажет. Онлайн сатып алуды тексерілген сайттардан жүргізіп, күдікті төмен бағалар ұсынған жеке хабарламаларға сенбеуге кеңес беріледі.

 

 

Қылмыстық қудалау басқармасы