Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының алқа мәжілісі өткізілді

23 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде БҚО бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің (әрі қарай мәтін бойынша - Департамент) қызметінде өндірістік жарақат алу фактілерін есепке алу және тергеуде қабылданатын шаралардың толықтығы мен уақтылығы, сондай-ақ еңбекті қорғау туралы талаптардың бұзылу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу және тергеуге дейінгі тексеру жүргізудегі заңдылықтың сақталуы бөлігінде еңбек заңнамасының қолданылу мәселелері қаралды.

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, еңбек саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды жүзеге асыратын Департаменттің қызметі ұсынылған талаптарға толық көлемде жауап бермейді.

Департамент мәліметтеріне сәйкес, облыс аумағында 2012 жылы өндірістік жарақаттың 112 жағдайы тіркелген, соның ішінде 86-сы ауыр салдарға әкеп соғып, 58 адам ауыр жарақаттанып, 12 адам қаза болған.

Бұл ретте, тексерулер барысында өндірісте қызметкерлермен жарақат алу туралы тіркелген фактілерді денсаулық сақтау органдарымен хабарламаудың көптеген фактілері анықталды.

Бөрлі аудандық ауруханасымен 35 азаматқа өндірісте жарақат алу не денсаулығына өзге зақым келуіне байланысты медициналық көмек көрсетілген, бұл ретте Департамент тек 13 жағдай бойынша ғана хабардар болған.

Өндірісте жарақат алуына байланысты Қаратөбе (6), Теректі (2), Тасқала (4), Казталов (2), Ақжайық (19) аудандық ауруханаларына жүгінудің анық фактілеріне қарамастан, еңбек инспекциясына хабарламалар жолданбаған.

Орал қаласы бойынша облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтардың жүгінуі туралы хабарламар Департаментке тек Облыстық клиникалық аурухананың басшылығымен ғана жолданған.

Жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру материалдары бойынша қабылданған процессуалдық шешімдер туралы ішкі істер органдарымен хабарламау фактілері анықталды.

ҚР Еңбек кодексінің 326-б., 7-б. сәйкес, жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.

Бұл ретте, қабылданған процессуалдық шешімдер туралы мәліметтер ішкі істер органдарымен департаментке тек 39 материал бойынша ұсынылған, қалған жағдайларда мемлекеттік еңбек инспекторлары ішкі істер органдарымен қабылданған шешімдер туралы хабардар болмаған.

Заңмен көзделген хабардар ету мерзімдері сақталмайды: КПО б.в. қызметкері М.Т.Искалиевтің кәсіби ауыру фактісі бойынша қабылданған процессуалдық шешім туралы хабарлама 2 айдан соң, КПО б.в. қызметкері Е.Чернюкпен жарақат алу фактісі бойынша 55 күн өткен соң жолданған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-б. 1-б. сәйкес, қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтiруге әкеп соғуы қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

Алайда, тексеру нәтижелері көрсеткендей, кейбір жағдайларда департаменттің арнайы тергеп-тексеру актілерімен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету немесе ұйымдастыру бойынша жауапты тұлға анықталмайды, ол өз кезегінде қылмыстық қудалау органына нақты тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешуге мүмкіндік бермейді.

2012 жылы ішкі істер органдарымен 56 факт бойынша ақтайтын негіздермен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Мұндай шешімдерді қабылдау үшін денсаулыққа ауыр зиян келтірудің болмауы негіз болған, ал оның орын алуы ҚР ҚК-нің 152-б. көзделген қылмыс құрамын құрайды.

Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларының немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы ҚР ӘҚБтК-нің 87-4-б. бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Алайда, ішкі істер органдарымен кінәлі тұлғалар аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылмаған.

2012 жылы Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментімен 945 өтініш, соның ішінде 150-і еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша қаралды.

Прокуратура органдарымен аталған кезеңде жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің толық болмауына қатысты 7 өтініш қаралды.

Қазіргі күні өндірістік жарақат өткір әлеуметтік проблемалардың бірі ретінде қалуда. Жазатайым оқиғаның алдын алу маңызды, осыған орай, өндірістік жарақаттарды дұрыс тергеу, сондай-ақ олардың себептерін талдау үлкен профилактикалық маңызға ие.

Анықталған заң бұзушылықтар уәкілетті мемлекеттік органдардың арасында өзара тиісті әрекеттің жоқтығының себебі болды және ол осы саладағы азаматтардың еңбек, әлеуметтік құқықтарының сақталу жай-күйіне жағымсыз ықпал етеді.

Алқа жұмысының барысында төрағамен уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларынан анықталған кемшіліктерді жоюда қосымша ықпалды шаралар қабылдау талап етілді, ал қала, аудан прокурорларының алдына қадағалауды күшейту бойынша міндеттер қойылды.

Талқылау қорытындысында алқамен қаралған мәселелер бойынша прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін нақты іс-шаралар қабылданды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу