Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бұзылған

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бұзылған - 1702837548

  БҚО Тасқала ауданының прокуратурасымен азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібін бұзу фактілері анықталды.

  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлағалары өтiнiштерді объективтi, жан-жақты әрi уақытында қарауды қамтамасыз етуге тиіс.

  Мысалы, жерді меншікке немесе пайдалануға беру туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссиямен Жер кодексінің 81-бабына қайшы М. атты азаматқа қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін берілген 0,0032 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шешім қабылданған.

  Жерді пайдаланушы болса бұған келісім бермеген және әкімдікке шағымдануға мәжбүр болған.

  Алайда осы азаматтың арызы комиссия құрамында болған аудан әкімінің орынбасары А. Баяндыков пен жер қатынастары бөлімінің басшысы А. Керейәулетіне қарауға беріліп, Заңның 15-бабы 2-тармағы 6-тармақшасының талаптары бұзылған.

  Осының салдарынан арыздың қаралуы лауазымды тұлғалармен созбалаңға салынып, жауабы 32 күннен кейін берілген.

  Прокуратураның ұсынуымен комиссияның шешімі бұзылды.

 Ұқсас бұзушылық Ө. есімді азаматтың арызы бойынша да орын алған.

  Қадағалау актісінің негізінде азаматтардың өтініштерінің қарау тәртібін бұзғаны үшін аудан әкімінің орынбасары А. Баяндыков, аудан әкімінің аппаратының басшысы К. Нурекешов және басқа да лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  Осы жылы аудан прокуратурасы 41 өтініш қарап, оның екеуі қанағаттандырылды. Олардың 63 пайызы әлеуметтік-экономикалық саладағы сұрақтарға қатысты болды.

  Тасқала ауданы прокуратурасына Тасқала ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 1 мекен-жайына, lr-taskal-kanc@prokuror.kz электрондық поштасына, bko.prokuror.gov.kz сайтына және «egov» порталы арқылы жолыға алатыныңызды хабарлаймыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу