«Ата Заң - азат елдің ар-намысы» тақырыбына жиналыс

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Ата Заң - азат елдің ар-намысы» тақырыбына жиналыс - 1022568760

   28 тамызда Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-да Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

   Шараға облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бас маманы Ринат Мұратов, «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Погодин, облыстық соттың бас маманы Меңдіғали Бақтұғылов, профессор Абат Қыдыршаев, университеттің оқытушылары және студенттер қатысты.

   Баяндамашылар өз сөздерінде Ата Заңның рөлі мен маңыздылығы туралы ой бөлісті.

   Прокуратураның ресми өкілі Б.Ахметжан «Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау жолында» тақырыбына сөз қозғады.

   Ой алмасып, пікір бөліскен соң университеттің проректоры Әсет Тасмағамбетов барлығын Конституция күнімен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу