«Алаяқтардан сақ болыңыз!»

02 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылы қала аумағында жасалған алаяқтықтардың саны 11%-ға артып отыр.

Талдау барысы көрсеткендей, алаяқтықтың өсуіне түрлі қызметтерді көрсету туралы әлеуметтік желілерде жарнамаларды беру арқылы жасалған қылмыстардың саны ықпал еткен, олар алаяқтықтың жалпы санының 28%-ын құрап отыр.

Мысалы, 18 жасар қала тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісінде ұялы телефондары көрсетілген тұтынушыларды тауып, «WhatsApp» байланыс желісі арқылы балалар киімдерін сату туралы жалған жарнамаларды жолдап, тауарды алу үшін ақша қаражаттарын «KIWI» арқылы төлеуді ұсынып, 100% төлемді ала отырып, тапсырыс берушілерден жасырынып отырған.

Алаяқтың «қармағына» қаламыздың 30 тұрғыны түсіп, оларға 500 мың теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген.

Осы санаттағы қылмыстың өзге кең тараған түрі өздерінің сенуінен немесе білмеуінен қылмыскерлерге карточкалары туралы мәліметтерді берген, азаматтардың банкоматтық карточкаларынан ақша қаражаттарын шешіп алу арқылы жасалған қылмыстар болып табылады.

Сол себепті, қала тұрғындарынан қырағы болулары, қызметкерге қатысты мәліметтерді білулер і, салық органдарынан кәсіпкер ретінде тіркелуіне қатысты мәліметтерді сұратуды, сондай-ақ бұрын атқарылған жұмыстарын тексеруді сұраймыз.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу