Ақжайық ауданының прокуроры тағайындалды

13 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақжайық ауданының прокуроры тағайындалды - 1559038470

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуроры болып Әділет Жалғасұлы Тоқтамысов тағайындалды.
  Әділет Тоқтамысов 1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
  Прокуратура органдарында үздіксіз 13 жылдан астам қызмет атқарып келеді.
  2006-2010 жылдары Арыс көлік прокурорының көмекшісі, Жетісу көлік прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі болған.
  2010-2017 жылдар арасында Бас көлік прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры және осы басқарма бастығының орынбасары болған.
2017 жылы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінде бөлімнің аға прокуроры қызметін атқарған.
  2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы болып қызмет жасады.
  Ведомстволық медальдармен марапатталған.
  Жанұялы, бес бала тәрбиелеуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу