Ақсайда жұмыс жәрмеңкесі өтті

10 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақсайда жұмыс жәрмеңкесі өтті - 765460968

  2020 жылғы 7 ақпанда Бөрлі ауданы прокуратурасының және жұмыспен қамту бөлімінің  бастамасымен пробацияда есепте тұрғандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

  Шараның мақсаты: пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмысқа  орналасу мәселесін қарастыру, өз ісін бастауға мүмкіндік беретін арнайы мемлекеттік  бағдарламаларды хабарлау.

  Жәрмеңкеге «Live Trans» ЖШС, «ProfStroiGarant» ЖШС, «Lci Catering» ЖШС және «АИП Group» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

  Шара барысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен жоғары да аталған кәсіпорындар арасында меморандум жасалды.

  Жәрмеңкенің нәтижесінде пробация қызметінде есепте тұрған 2 азамат жұмысқа орналасты, 1 азаматқа өз ісін бастауға грантқа жолдама берілді, қадағалаудағы 3 азамат атаулы әлеуметтік көмек алуға арыздарын жазды және 10 азамат әлеуметтік-құқықтық және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.

  Есепте тұрғандар жұмыспен қамту мәселелеріне белсенді араласатынын атап өткен жөн.

  Прокуратура мен полиция органдарының пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша бірлескен жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу