Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 36858
    Дата: 10.11.2017 17:48:23
    Аты-жөні: Мұталова Арайгүл
    Сұрақ:
    БҚО облысының прокуроры Тажигалиева Светаға Орал қ.Жəңгірхан к.53үй,41пəтер тұрғыны Мұталова Арайгүлден Арызға қосымша Пр.Тажигалиева Светаға беріңіз Бас прокурорға жазған арызымды қарап жатыр. Құрметті Тажигалиева 22.01.13.сот шешімін таптыңызба,врачебный тайна интернетте судеб.кабинетте жоқ сотта тұр,соттанда жойып жіберсе 2ші қал.соттан мені əлі күнге бақылайтын судья тапты сұраңыз рас,адв.тта бұрын тапты.БҚО ҰҚК космоэнергооператоры Бисенбаева Айжан Сисенбайқызынан сұраңыз ол өтірік айтады біреулер жап деп айтты деп,кім сізге 5ай жауып жоққа жалақы ал деген,кім екенін айтыңыз сұраймын деңіз сотта айта алмады ешкім өзі.Мен обл.прға бермеңіз деп айтыңыз деп Бас пр.ға амалсыз жаздым себебі учетқа қойғалы 4рет соттасып рұқсатын бұздым тексеріңіз рұқсаты сотпен 4рет бұзылған, адв.өзім жалдаймын менің өміріме қатысты нəрсе 45темін ешкім ақша бермейді,4рет сотпен учет деп ескертудің не қажеті бар бір рет айтқаннан кейін заңсыз екендігі түсінікті ғой,2013ж.қарашасында ескертілді 5жыл бойы тыңдамай заңсыз алып келді 2017ж.21тамызда сотқа берсем тағы зомби рұқсаты бар деп тұр сот.Менің ақшам адв.ттарға беріп таусылды,енді алса сотқа беретін ақшам жоқ сосын бермеңіз деп жаздым.2ші қал.сот председателіне ақшам жоқ сотқа беретін ала береді учетпын деп айттым облпр санкция беріп отырған соларға айт деді.2017ж.21тамызда ғана 2ші қал.сот судьясы Назаров зомби неге алып отыр учетсың сені заң бойынша əскери зомби ретінде пайдалануға құқығы жоқ заңсыз мен айтып алдырып тастадым деген ҰҚКдан қайта сұрасам оған ештеңе бермейміз əлі күнге 10класс білімі жоқ,экстрасенс ретінде қылмыс аштыруға,қайта эксперимент жасатуға болмайды саған органда істемегенсің эксперимент жасағанда ойымды білмей ой арқылы ҰҚК əскери құпиясын айттым деп "на всегда стират памят"алды,утечка енді заң бойынша оған ештеңе берілмейді бөтенге əскери құпияны айтатын адам,операторда жасамаймыз наркоман мас отыр оғанда қарау,қырағылық керек оған боссың дедік кеткісі келмейді сені тағы аламын деп отыр гипнозбен алыстан,ара қашықтықтан сөйлете алады сенбесе на что способен экстрасенс курирует КНБ облпр отд.личный делосында жазулы тұр,адам гипноздалып не айтқанын білмейді,сені 2ай бойы гипноздап біреулерге гипнозбен ҰҚК жайлы айтқызып запис жазған тағы сені аламын деп отыр,2012ж.2ші қал.сот судья Утепкалиеваға,2012ж.обл.сот Гусмановқа 21.08.17.қайтадан 2ші қал.сот Назаровқа сенің жазған арыздарыңа жоқ деп бергізіп өзі əскери мақсатта ойын жойып ойы жоқ зомби экспериментімді бітірдім,зомби жасап қойдым деп берді,судьялар оны жоқ деп беріп тұр сотқа бармайды алыстан,ара қашықтықтан айтайын десе айтар ойы жоқ зомби экстрасенс ойын жойып жіберген ойы жоқты гипнозбен сөйлетіп тұрмын деп алыстан ара қашықтықтан гипнозбен сөйлете алатындығын сотта дəлелдеді,айтатыны өтірік сотта 2012ж.ойы жоқ зомби жасап қойдым,экспериментімді бітірдім деген одан кейін ойы бар біледі деп 4жыл отырды,біледісін бақылау қойып сен қолхат жазғаннан кейін айтып жүр деп өтірік əкелді 2жыл 2рет жаласын алып едік 21.08.17.Назаровқа қайта ойы жоқ зомбиымды бітірдім деп апарған,біресе ойы бар ой арқылы біледі,біресе ойы жоқ зомби дейді осының бəрін заңсыз учетқа істеп жүр бермесін облпрға айт біз оған боссың дедік деді. Бисенбаева əлі отыр сені аламын деп менімен жұмыстанып,өзі наркоман күнде доза,күнде мас жүретін адам мас отыр күніне жарты сағат айық отырады айтатыны сен облпрға айтпа сені əскери құпияны біледі айтып жүр деп аламын гипнозбен жазғанымды айтпа КНБдан шықсам қаңғимын,дозаны КНБның оперлері береді,əлде ойы жоқ адам менсіз адам болмайды бəрін мен айтып тұрамын,ой қорытындысын жасай алмайды мен айтып тұрамын деп алдаймын сен наркоман екенімді айтпа деп айтады.Қалған 24сағат мас н.кайфую,летаю,доза,ломка,летаю т.б.н.жайлы айтып лаға береді ештеңесінеде түсінбеймін мас н.экстрасенсорно мүлде жұмыстана алмайды.Ол надан мамандығыңыз не деп сұраңыз білімі жоқ10класс,КНБға кіргенше 35жасына дейін трудовойы болмаған еш жерде істеп көрмеген,кіргелі мені алған тексеріңіз ешкіммен жұмыстанып көрмеген надан емші наным сенімнің адамы сені аламын сен айта алмасын деп дуалап жатырмын деп маза бермейді.Рұқсат алып жүрсіз қалай жұмыстанасыз деп сұраңыз алыстан,ара қашықтықтан ойын білемін емшімін ойымды жеткізе аламын деп айтады.Наркоман бір күн доза қабылдамаса тұра алмайды күнде доза,күнде мас кісі не айтады деп ойлайсыз кайфую,түсініксіз мас есіреді сенбесеңіз н.екені рас тексеріп көз жеткізіңіз. Сізден сұрарым оған алмайсыз учет не деп айтсаңызда берілмейді деп звондауыңызды,жұмыстануына тыйым салуыңызды сұраймын.Мас мазамды алады,ломка деп түнімен ұйықтатпайды,менің өмір сүруіме кедергі келтіреді.Мен оған менімен жұмыстандырып істетпеймін,өзі сіздерден айтпай санкцияны алдап алып жүр,ағам Мұталов облпр Қайырғалиевке,Сатпаевқа,Қанбетовке жазбаша арызбен,справкамен келіп учет бермеңіз деп ескертті туғандарым енді берсе бүкіл рұқсатын сотпен3рет ағам Мұталов Ж.представител бұзды,сотпен рұқсаттары негізді бұзылды,заңмен жұмыстануына тыйым салынды енді облпр берсе генпрРК шағым жазамыз деді. ҰҚКны біледіні тағы алса адв.айтты əскери құпияны біліп қойды деп всю жизнь без памяти жизн.инвалид жасауға памятыңды кетіруге рұқсат алып жүр,тағы алса н.передоз өледі ҰҚК өтірік алғанын білмейді əскери құпия кетті деп саған мед.крик басыңнан егіп памятыңды алады,алып жүргені операция деді.Тағы зомби алса сенің 2сəбиің бар,2сəбиі бар ананы ешкім зомбиға алмайды сəбилерін өсіруге міндетті,ол алған зомби жизн.түрме жизн.жабады зомбилар түрмеде өмір сүреді деді менің өміріме қауіпті нəрселер алып жүр сотпен бүкіл рұқсатын негізсіз деп бұздырдым мен оған менімен жұмыс істетпеймін.Өзі учет екенін айтпай тексеріңіз 5жыл бойы заңсыз жұмыстанды 7рет рұқсатын бұздырдым учетқа қойғалы тексеріңіз алдап сіздерден 7санкция алды тағы алмақшы бермеңіз,берілмейді деп звондаңыз жұмыстануын қойсын.Неге мас н.маған н.ның түрлерін айтып жалақы алуы тиіс.
    Жауап күні:
    16 қараша, 2017 - 13:04
    Жауап:
    А.Муталоваға Құрметті Арайгуль Сатқанқызы! Сіздің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жолданған Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік Департаментінің (одан әрі -ҰҚКД) қызметкерлеріне қатысты шара қолдану туралы арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының 49-бөліміне сәйкес, Сізбен хат алмасу тоқтатылған. Сонымен қатар, Сізге қайта жазған өтінішіңізде жаңадан анықталған басқадай уәждер мен жағдайлар болмаса олар қадағалау өндірісіне жалғанып, қараусыз қалдырылатыны түсіндірілген болатын. Батыс Қазақстан облысының прокуроры С. Нұрпейісов орын. Тажғалиева С.К. тел.505119
  • Сұрақ №: 36550
    Дата: 27.10.2017 21:54:32
    Аты-жөні: Амангалиева Алия
    Сұрақ:
    Саламатсызба.мен 2 май күні арыз жазған болатынмын.15 апрель куни балам дүниеге келген.белгисиз себептермен ауруханада 2күннен кейін қайтты.осы жағдайға байланысты прокуратураға арыз жазғанмын.6 айдан асты алі ешқандай жауап жоқ.осы істі контрольға алуынызды сұраймын.егер еш жауап болмаса мен арі қарай жазатынымды ескертіп айтқым келеді.
    Жауап күні:
    10 қараша, 2017 - 11:56
    Жауап:
    А.А. Амангалиеваға Құрметті Алия Аймухамбетовна! Сіздің Орал қалалық прокуратурасынан арызыңызға жауап алмағандығыңыз туралы шағымыңыз қаралды. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде, Орал қалалық прокуратурасына Сіздің атыңыздан арыз түспегендігі анықталды. Сонымен қатар, Сіздің балаңыздың белгісіз себептермен ауруханада қайтыс болу жайты бойынша Зеленов ауданының Ішкі істер басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілгендігін хабардар етеміз, сол себептен осы қылмыстық іс бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз аталған аудандық прокуратураға шағым түсіре алатындығыңызды қатеріңізге саламын. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдана алатындығыңызды назарыңызға беремін. Орал қаласының прокуроры А. Байымбетов А.Шокпанов 507-978
  • Сұрақ №: 36248
    Дата: 14.10.2017 14:45:31
    Аты-жөні: Мұталова Арайгүл
    Сұрақ:
    БҚО облысының прокуроры Тажигалиева Светаға Орал қ.Жəңгірхан көшесі 53үй,41пəтер тұрғыны Мұталова Арайгүлден Өтініш Пр.Тажигалиева Светаға беріңіз өзі біледі. Құрметті Тажигалиева маған 2ші қал.сот төрағасы Борамбаев курирует КНБ Тажигалиева оған айт біз соттан БҚО ҰҚК космоэнергооператоры Бисенбаева Айжан Сисенбайқызының бүкіл рұқсаттарын бұздық соңғыларын заңсыз алып жүр саған не істеді айт енді бермесін біз қашанғы соттан бұзамыз деді. Бисенбаева сіздерден санкция аладыда ешқандай жұмыстанбайды мені жабумен,өзі маған жалақы алумен айналысады.2ші қал.сот шешімімен 22.01.13.мені ауру деп ағам Мұталов Жайдарбек 2013ж.қарашада зомби рұқсатын бұзғанға дейін 22.01.13.бастап 2013ж.қарашаға дейін бір жылда 4рет5ай жапты,карточкамда сондай данный өзі айтпай 5ай зомбиға жалақы алып отырды,сот ешқандай зомби жасамағансың тек жабумен айналысқансың деп зомби рұқсатын бұзды.Одан кейін экстрасенспын эксперимент жасағанда ойымды білмей ҰҚКның əскери құпиясын айттым деп "на всегда стират памят"деген рұқсат алды,ағам Мұталов Ж.қайта сотқа берді,мен ҰҚКға кіріп көрген жоқпын білетіндей,органда өмірімде істеген жоқпын,сот ҰҚКның құпиясын ой арқылы айтатындай ешқандай эксперимент жасамаған 5ай жабумен айналысқан,5ай жоқ адам деп бұзды,сот екі рұқсатында алуы негізсіз деп таныды,учет деп ескертті,алуына сотпен тыйым салды.2013ж.учетқа қойып күні кешеге дейін 5жыл бойы үздіксіз осы екі рұқсатты кезектестіріп алып келді,соттың бұзғанын сіздерден жасырып алады,соңғысы зомби 2ші қал.сот судьясы Назаров Арман жақында бұзды.Ағам представитель Мұталовтың бұзған сот шешімдері ҰҚКда тұр тексеріңіз,қолынада берілді сұраңыз.Сот "на всегда стират памятты"бұзғаннан кейін заңсыз ҰҚКның əскери құпиясын айтып жүр деп өтірік айтып,жала жауып 4рет алды.1шісін Абай полиция бөлімінің майоры Кисамбаевқа внеш.агент етіп тіркеліп алғыздым.2шісін облпр Қайырғалиев қолхатпен 2015ж.желтоқсанда босатты,сол үшін облпр,ҰҚК бақылау қойды,əлі бақылаудамын,3шісін ҰҚКдағы таныс тергеуші тағы внеш.агент етіп тіркетіп алды,4шісін ҰҚК тергеушісі Кушеков Қасым 2017ж.қаңтарда жала,бақылаудасың деп алды.Екі жыл жаламен отырды.Жақында Бисенбаеваны көрдім гипнозбен сөйлетіп подставит етіп сот негізсіз деп тауып тұрған 6шы өтірігімді ҰҚКны айтып жүр біледі деп "на всегда стират памятты"аламын,гипнозбен сөйлетіп міне запис деп көрсетемін дейді бермеңіз 5өтірігін,5 жаласын ескеріңіз.Мен əлі учеттамын сондада 5жылдан бері заңсыз алып келеді учет мені органға қажетті əскери мақсатта зомби ретінде пайдалана алмайды адв.солай айтты тек өтірік жалақы жеп бос отыру үшін алып жүр деді зомбидыда бермеңіз.Маған не сұрап келседе енді бермеңіз кім санкция беретін нарушениелерін айтып бермеңіз деп айтыңыз.Өзі наркоман экстрасенсорно ешқандай жұмыстана алмайды мас,экстрасенсорно жұмыстанғанда тек н.жайлы айтып лаға береді ештеңесінде түсінбеймін мазамды алады,өмір сүруіме кедергі келтіреді тіпті не сұрап келседе бермеңіз.Сіз менің Бас прокуратураға жазған арызымды қарадыңыз справкаларымды сонда салдым,справкаларымды, осы арызымды ол ала алмас үшін менің делома тіркеп қойыңыз санкция беретін кісі көреді бермейді,əйтпесе тексеріңіз учетқа қойғалы 7рет алды 7бұздырдым бұрынғы рұқсаттарына қатысты алады.
    Жауап күні:
    13 қараша, 2017 - 10:05
    Жауап:
    А.Муталоваға Құрметті Арайгуль Сатқанқызы! Сіздің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жолданған Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік Департаментінің (одан әрі -ҰҚКД) қызметкерлеріне қатысты шара қолдану туралы арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 4 «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының 49-бөліміне сәйкес, Сізбен хат алмасу тоқтатылған. Сонымен қатар, Сізге қайта жазған өтінішіңізде жаңадан анықталған басқадай уәждер мен жағдайлар болмаса олар қадағалау өндірісіне жалғанып, қараусыз қалдырылатыны түсіндірілген болатын. Батыс Қазақстан облысының прокуроры С. Нұрпейісов орын. Тажғалиева С.К. тел.505119
  • Сұрақ №: 36090
    Дата: 06.10.2017 17:08:45
    Аты-жөні: Ажигалиева Толкын
    Сұрақ:
    Букмекерлік контор мен дүкендерде тұрған аппараттардың қаншалықты заңды түрде жұмыс жасап жатқанын түсіндіріп кетсеңіз.Бүгінгі күні қазақ жастарының көбі сол азарттық ойындардың құрбаны болып, қанша отбасы зардабын шегіп отыр. Қазір ақпараттың өте жылдам дамыған заманы, кез-келген әлеуметтік желіде осы мәселені жазып жылап жүрген ана мен әйел. Осы мәселені қолға алып, халықпен жұмыс жасап, шешімін шығаруыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    18 қазан, 2017 - 13:17
    Жауап:
    Т. Е. Ажигалиеваға Құрметті Толқын Евгеньевна! Сіздің ойын автоматтары және букмекер кеңселері туралы өтінішіңіз қала прокуратурасы тарапынан қаралды. Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, Орал қаласының аумағында ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады. Букмекер кеңсесінің кассалары тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады. Егер тыйым салынған жерде букмекер кеңсесінің кассаларын және ойын автоматтары залдарын қала аумағында кездестірген жағдайда, Сізге Орал қаласы, Пойменная көшесі, 2/2 үйде орналасқан Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарлауыңыз сұралады (тел: 53-84-57). Орал қаласының прокуроры А. Байымбетов орын. А. Шалқаров тел. 50-79-95
  • Сұрақ №: 35889
    Дата: 27.09.2017 16:44:57
    Аты-жөні: Шакіл Шыңғыс
    Сұрақ:
    Құрметті Сапарбек Айтуович! І. 2017 жылғы 2 қыркүйек күні сағат 11:10 шамасында Орал қаласының С.Датова көшесі мен Абылхайыр хан даңғылы көшесі қиылысындағы бағдаршамда менім мемлекеттік нөмірі 180 BZA 07 KIA RIO автокөлігі және мемлекеттік нөмірі 063 AE 09 HYUNDAI Getz автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан алдыңғы қатарда отырған анам зардап шегіп жедел медициналық жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жөнелтіліп, артынан үйге босатылды және автокөлігіме материалдық шығын келді. Аталған оқиға бойынша 102 телефон нөміріне қоңырау шалып шағым түсірдім, нәтижесінде жол-патрулдік полиция қызметкерлері келіп жол-көлік оқиғасы бойынша схемалар т.б. құжаттар толтырып алып кетті. Полиция қызметкерлерінің жолдамасы бойынша ішімдік ішу бойынша медициналық тексерістен өтіп және анамды сот-медициналық экспертизадан өткізіп тиісті құжаттарды жол-көлік оқиғасы бойынша менім ісімді тергеуші полиция қызметкері Бердигалиев Ержанға тапсырдым және ол менім ісімді (құжаттарымды) 5 күн ішінде сотқа жібертіндігі туралы мәлімдеді. Алайда, 18 күн өткен соң осы сала бойынша өзің штаб бастығы Литвиненко Валерий Владимирович деп таныстырған полицияның мәлімдеуі бойынша Бердигалиев Ержан жұмыстан шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы болған күннен бастап 26 күн өтті, менім ісім (құжаттарым) қай қызметкерге жүктелгенің ешбір полиция қызметкері білмейді және Заңда көрсетілмеген белгісіз себептермен сотқа жіберілмей отыр. Жоғарыда аталғандардың негізінде: • жол-көлік оқиғасы тіркелген (тиісті құжаттар толығымен тапсырылған) кезден бастап неше күн ішінде полиция қызметкерлері істі сотқа жіберуі керек; • осы кезеңге дейін не себепті іс Заңда көрсетілмеген белгісіз себептермен сотқа жіберілмеген; • не себепті полиция қызметкерлері жәбірленушіге істің мән-жайы туралы ақпарат бермейді; ІІ. Тиісті полиция қызметкерлерінен нақты жауап ала алмағандықтан, 2017 жылдың 19 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуратурасының кеңсе бөліміндегі Исмагулова Алмагуль Рамазанованың қабылдауыңда болдым, алайда аталған қызметкер менің жазбаша түрдегі өтінішімді қабылдаған жоқ, себебі ол прокуратураның құзырына кірмейтіндігін айтты. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Заңына сәйкес осы өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын. Сізден жоғарыда көрсетілген мәселелерді анықтап, жауапты қызметкерлерге шара қолдануыңызды және нәтижесі туралы хабар беруіңізді сұраймын. Өтініш иесі: Ш.Шакіл
    Жауап күні:
    13 қазан, 2017 - 19:19
    Жауап:
    Ш.Ж. Шакілге Орал қ., 090000 Құрылысшы шағын ауданы, 19 үй, 172 пәтер Құрметті Шыңғыс Жәнібекұлы! Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша шара қолданбауына қатысты 2017 жылғы 2 қазандағы арызыңызды қарады. Арызыңызда жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік істің сотқа жіберілмеуі және полиция қызметкерлерімен тиісті ақпарат бермеуі туралы уәждер келтірілген. Жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік істің сотқа жіберілмеуіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 808-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi. Кодекстің 806-бабының 7-тармағына сәйкес сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады. 2017 жылғы 2 қыркүйекте өзіңіздің қатысуыңызбен орын алған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде анаңыз А.Шакилова дене жарақатын алғаны және оның дәрежесін анықтау үшін Орал қалалық Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің (бұдан әрі-Басқарма) инспекторы Е.Бердыгалиевпен 3 қыркүйекте сот-медициналық сараптамасы тағайындалғаны анықталды. Сараптама жүргізу Батыс Қазақстан облысының сот сараптамалары орталығына (бұдан әрі - Орталық) тапсырылған. Өз кезегінде, Е.Бердыгалиев Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №197 ж/қ бұйрығымен қызметтен шығарылған. Орталық сарапшысы Д.Тулеповпен 2017 жылғы 8 қыркүйекте №1.1-09/1094 сараптама қорытындысы дайындалып, 20 қыркүйекте кеңсеге тапсырылған. Сараптама орталығының мәліметіне сәйкес аталған сараптама күрделілік санаттарына қарай жай сараптама санатына жатады. Мұндай сараптама 5 тәулікке дейін жүргізіледі. Сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын жеке адам сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және оның объектілерін іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеліп, оны кеңсеге тапсырған күнмен аяқталады (Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығы). Сарапшы Д.Тулепов сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулыны 4 қыркүйекте алып, сараптама қорытындысын 10 тәулікке кешіктіріп, кеңсеге 20 қыркүйекте тапсырғаны анықталды. Басқарма инспекторы М.Жанабаев сараптама қорытындысын 2017 жылғы 22 қыркүйекте алып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы 10 тәулікке кешіктіріп, 4 қазанда толтырып, сотқа жібергені белгілі болды. Осылайша, сарапшы Д.Тулепов және Басқарма инспекторы М.Жанабаев заңнама талаптарының бұзылуына жол берген, сондықтан оларға қатысты тиісті прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Әкімшілік іс туралы ақпарат берілмеуіне қатысты Жол-көлік оқиғасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беру жөніндегі 20 қыркүйектегі арызыңызға Басқармамен 4 қазанда жауап берілгені анықталды. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін. Батыс Қазақстан облысының прокуроры С. Нұрпейісов орынд. А.Жумагулов тел. 50-43-17

Беттер