Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 49776
    Дата: 27.05.2019 13:59:49
    Аты-жөні: АУБАКОВА Алмагуль
    Сұрақ:
    Менің жолдасым Аубаков Жанбулат Сабыргалиевич 2012-2017 жылдар аралығында ТОО Қызылбас он отбасы бірігіп кредит алды соның сегіз отбасы төлеп берді екі отбасы біреуі предцетатель төлемей қалды жәнебережақ 5 649 913 тг болды сол екі отбасы үшін менің жолдасымды ешқандай соттан шақыру қағаз келмей өздері жеке сот орындаушысы Байтемиров Мирас Саматович жалақысын жолдасымның желтоқсан, қаңтар, ақпан үш ай жартысын ұстады енді міне наурыз сәуір мамыр 100% ақшасын ұстап қалып отыр. Обасында кәмілет жасқа жетпеген екі балам бар.Осы мәселені шешіп беруіңізді өтініп сұраймын.119 нөмеріне хабарластым олар облысқа хабалласыңыз деген. Аудандық прокуратураға жаздық олар облысқа жіберген хабар жоқ. Өзім бүгін облыстағы прокуратураға звандадым 50-79-07 нөмеріне хабарластым күте тұр күте түрмен ә сағат уақытымды жоғалттым. Осы мәселені шешіп беріңізші ӨТІНЕМІН
    Жауап күні:
    30 мая, 2019 - 20:19
    Жауап:
    Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы А.К. Абдрахмановқа А.О. Аубаковаға БҚО, Орал қ, 091006 БҚО, Тасқала ауданы Өмірзакова көш. 9 үй «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес мәні бойынша қарау үшін жеке сот орындаушымен Ж.С. Аубаковтің айлық табысынан негізсіз ұстау туралы А.О. Аубакованың өтініші жолданады. Қарау нәтижелері туралы арыз берушіге заңмен анықталған мерзімде хабарлауды сұраймыз. Екінші адресатқа «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтыны хабарланады. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді, сондай-ақ Сіздің уәждеріңізді уәкілетті органның қарау мүмкіндігі пайдаланылмаған. Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сіздің өтінішіңіз Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне қарау үшін жіберілді. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарауды жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) не сот жүргізеді. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз. Қосымша: 2 парақта. Облыс прокурорының аға көмекшісі В. Искалиева Орын. Ә.А. Нұрмұханов Тел. 51-36-08 Ескерту: Өтінішке жауап электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы Өзара ыңтымақтастық туралы Бас прокуратура мен «Казпочта» АҚ арасында жасалған меморандум аясында «Алғандығы туралы хабарлай отырып тапсырыспен гибридтік жөнелту» қызметі арқылы жіберілді. Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 12) – тармақшасына сәйкес электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей. Примечание: Ответ на обращение направлен с использованием электронной цифровой подписи посредством услуги «Заказное гибридное отправление с уведомлением о получении» в рамках Меморандума о взаимном сотрудничестве, заключенного между Генеральной прокуратурой Республики Казахстан и АО «Казпочта». В соответствии с пп.12) ст.1 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» (далее – Закон) электронный документ – документ, в котором информация представлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи. Согласно п.1 ст.7 Закона электронный документ, соответствующий требованиям Закона и удостоверенный посредством электронной цифровой подписи лица, имеющего полномочия на его подписание, равнозначен подписанному документу на бумажном носителе.
  • Сұрақ №: 48344
    Дата: 24.02.2019 19:00:14
    Аты-жөні: Алданов Руслан
    Сұрақ:
    Мен Алданов Руслан Туреханович танысым БҚО тұрғыны Балмаганбетов Талғат Сериковичке қарсы арызым бойынша іс 28.12.2018 жылы √2-1009-18-03247 Байконыр каласынан Батыс Қазақстан облысына жолданған, ҚР ІІМ-нің Байконыр каласындағы Өкілдігімен ақпараттарды есепке алу кітабына 24.12.2018 жылы √188743031002296 реттік санымен тіркелген. Іс бойынша 10.02.2019жылы тергеуші Самаркан Бек деген азамат хабарласты, содан бері тергеуші іс бойынша мәліметтер шешімдер туралы еш хабар жеткізген жоқ, өзі хабарласқан мобильді телефонына қоңырау шалғанда жауап бермейді. Тергеушінің іс жүргізуін бағалауыма байланысты шара қолданып, осы өтініш арқылы Сізден істің мән-жайын анықтап беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    12 наурыз, 2019 - 11:30
    Жауап:
    Сіздің ҚР Бас Прокурорының блогына жазған өтінішіңіз бойынша төмендегідей мәліметті ұсынамыз. ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жолданған Т. Балмаганбетовке қатысты шағымыңыз Орал қалалық ПБ-де тіркеліп, араларыңызда қарыз беру-алу қатынасы орын алғандығы ескеріліп, яғни азаматтық қарым-қатынас болуына орай, қылмыстық іс қозғалмағандығын хабарлаймын. Алдағы уақытта осы мәселені азаматтық сотқа жүгіну арқылы шешуге болатындығын назарыңызға саламын.
  • Сұрақ №: 47348
    Дата: 17.11.2018 12:33:10
    Аты-жөні: Жүніс Жаңыл
    Сұрақ:
    Мен 23қазан 2018жылы Орал қ Қііб не алаяқтық жөнінде арыз жазған болатынмын.29.10.2018 күні менің арызымды Абайский Оп қа жолдадық деді.Абай Пб не хабарласқанымда іс тергеуші Е.Сариевте деді.Сариевке хабарласып едім ол сіздің арызыңыз тергеуші Д.Избасаровқа берілді деп жауап берді.Избасаровқа хабарлассам өзім хабарласам деп телефон ды қоя салды.Содан әні міні деп жауап берген жоқ.16.11.2018 күні тергеуші Д.Избасаровқа хабарлассам іс менде емес тергеу бөліміне хабарласыңыз деді.Сұрайын дегенім тергеушілер менің арызымды бір біріне сілтеп қарамай отыр.Енді оларға қандай шара қолдануға болады.Сізден көмек сұраймын.Маған осы істің ақ қарасын шешіп оң жауап беруіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    30 қараша, 2018 - 19:45
    Жауап:
    Ж.А.Жүніске Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогы Құрметті Жаңыл Аманкелдіқызы! Сіздің Орал қаласы ішкі істер басқармасына (бұдан әрі - ІІБ) жазған арызыңыз бойынша қабылданған шешімді хабарлау туралы өтінішіңіз қаралды. Өтінішіңізді қарау барысында, 23.10.2018 жылы ІІБ-мен Сіздің И.Солодовниковті алаяқтық дерегі бойынша жауапкершілікке тарту туралы арызыңыздың негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғаны анықталды. Келесі күні қылмыстық іс И.Солодовниковке қатысты басқа қылмыстық істермен біріктіру үшін Абай полиция бөлімшесіне (бұдан әрі - ПБ) жолданды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Абай ПБ-нің тергеушісі А.Тюлегеновтің өндірісінде, ол бойынша оны шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген шаралар қолдануда. Осыған орай, Сізге Қылмыстық процестік кодекстің 99-бабының талаптары негізінде қылмыстық қудалау органына маңызы бар мән-жайларды анықтау үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы екеніңізді түсіндіремін. Сондай-ақ, осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Батыс Қазақстан облысы прокурорының м.а. Ж. Өміралиев Орын. Е.Камбетов Тел. 50-51-19.
  • Сұрақ №: 46485
    Дата: 08.10.2018 17:51:40
    Аты-жөні: Абдрахманова Гульбану
    Сұрақ:
    Мен сұрап білейін деп едім. Мен 6-7 жылдай бір оқу орталығында бір қызметкерінің алаяктығынан зардап шектім ( шет елде (Ресей)алыстан оқыту негізінде) Енді құзыретті орындарға шағымданғым келеді қаншалықты заңды екенін (уақыт ұзақтығынан) және осы құзыретті органға шағымдану үшін қандай құжаттар талап етіледі, білгім келеді. Рахмет.
    Жауап күні:
    23 қазан, 2018 - 10:22
    Жауап:
    Г.С. Абдрахмановға (Бас Прокурордың блогы) Құрметті Гүлбану Сапарғалиқызы! Сіздің Ресей Федерациясында орналасқан оқу орталығы қызметкерінің алаяқтығы туралы Бас Прокурордың блогына жазған өтінішіңіз қаралды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қылмыс жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, егер осы іс-әрекет Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады. Алайда, Ресей Федерациясы азаматының іс-әрекеті Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмауына байланысты, оған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы қолданылмайды. Осыған байланысты, алаяқтық дерегі туралы дәлелдейтін құжаттарды жалғай отырып, тиісті арызбен Ресей Федерациясының қылмыстық қудалау органдарына жүгінуге құқылы екеніңізді түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз. Батыс Қазақстан облысы прокурорының м.а. Ж. Өмірәлиев Орынд. Ә.А. Жұмағұлов Тел. 50-43-17
  • Сұрақ №: 46471
    Дата: 08.10.2018 12:52:47
    Аты-жөні: Габбас Арман
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба! Ағымдағы жылдың 31 мамырында Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты Орал қ. прокурорына келесі мазмұнды арыз берген болатын. "2016 жылы 29 қаңтар мен 25 наурыз аралығында Орал қаласы С.Есқалиев көшесі 107 мекенжайында орналасқан Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 303, 407, 409 қызметтік бөлмелерінде мектеп меншігіне тиесілі жалпы сомасы 6 120 274 теңгені құрайтын әр түрлі компьютерлік құралдары ұрланған болатын. Осы факт бойынша 26.03.2016 жылы ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен СДТБТ-не № 162711031001080 санымен тіркелген. 07.07.2016 жылы Орал қ. ІІБ-нің Абай Пб Тб-нің тергеушісі полиция аға лейтенанты Н.А.Сарғойшин ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігі 1-тармағына сай қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы процессуалдық шешім (қаулы) шығарды. Осының салдарынан ұрланған компьютерлік құралдарды мектептің есебінен шығара алмай отырмыз. Тергеу тиісті деңгейде өткізілмей, үстірт жүргізілді деп санаймыз. Сол себептен қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адам анықталмай отыр. Жоғарыда айтылғанның негізінде Сізден аталмыш қылмыстық істі қайта қозғап, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтап, оны тиісті жауапкершілікке тартып, қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу амалдарын және қабылданған шешімнің заңдылығын тексеруіңізді сұраймыз." Осы арызымызды 31.05.2018ж. Орал қ. прокуратырасының кеңсе қызметкері қабылдап алды. Алайда күні бүгінге дейін бізге ешқандай жауап берген жоқ. Осыған орай, Сізден арызымызға не себепті заңмен белгіленген уақытында жауап берілмегенін анықтап беруіңізді сұраймыз.
    Жауап күні:
    11 қазан, 2018 - 15:58
    Жауап:
    А.Габбасқа Бас Прокурорыдың Блогына Құрметті Арман Фатхатдинұлы! Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Сіздің Бас Прокурордың Блогына компьютерлік техниканы ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сарсаңға салынуы туралы өтінішіңізге келесіні хабарлайды: Қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерге қатысты, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау, заңнама нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер прокуратураға: - қолма-қол; - пошта байланысы арқылы; - электрондық үкімет порталы (Egov) арқылы беріледі. Бұл талап «Бас Прокурордың блогы» бетінің келісімінде көрсетілген. Осыған байланысты, Сізге облыстық прокуратураға заңмен белгіленген тәртіпте жүгіну қажет екендігін түсіндіремін. Батыс Қазақстан облысы прокурорының м.а. Ж. Өмірәлиев Орынд. Курманагалиев Е. Тел. 50-79-80

Беттер