Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысы туралы

07 August 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысы туралы - 651700326

   БҚО прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығы а.ж. жеті айында 1 166 азаматқа құқықтық көмек көрсетті.

   Прокурорлар – 883, ҚСжАЕКБ қызметкерлері – 66, полиция – 54, медиаторлар – 46, адвокаттар – 42, пробация – 38 және сот орындаушылары – 37 тұлғаны жеке қабылдады.

   Прокурорларға келушілер азаматтық және әкімшілік заңнаманың (620), әлеуметтік-экономикалық саланың (194), қылмыстық заңнаманың (48) және өзге де мәселелерімен (21) жүгінді.

   Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алғаннан кейін 255 азамат сотқа, құқық қорғау және уәкілетті органдарға «Egov» порталы арқылы өз арыздары мен шағымдарын жолдады.

   ЭЦҚ-ны пайдалану ұйымға бармай-ақ, бірнеше минут ішінде өтінішті жолдауға, оның нәтижесін қарауға және құжаттар бойынша жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік беретінін айтып өткен жөн.

  Орталықтың субъектілері (прокурор, полиция және пробация қызметкерлері, медиатор, адвокат, сот орындаушысы) азаматтарға көмек көрсету, олардың проблемаларын түсіну және құқықтық шешімін табуға көмектесу үшін барлық шараларды қабылдайды.

   Сонымен қатар, азаматтардан көрсеткен сапалы қызметтері және кәсіпқойлығы үшін прокурорлар Талғат Жилкибаевтың, Асия Дуйсекенованың, Балжан Агниязованың және Жанар Имангалиеваның атына алғыс хаттар түсті.

   Естеріңізге салайық, Құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Шаған-Набережная көшесі, 84 мекенжайындағы «Smart Uralsk» ғимаратында орналасқан және сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысы туралы - 327019000

Comments

Add new comment